Түркістан облысында көлік тонап жүрген ұрлықшы ұсталды

Түркістан облысының полициясы автокөліктердің ішінен ұрлық жасаған ұрының ұсталғаны туралы есеп берді.

Іс материалдарынан егжей-тегжейлі мағлұматтар. Түлкібас ҰКП кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз адамның оның автокөлігінен ұрлық жасағаны туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, түске таман аудан орталығындағы көшелердің бірінде ұрлықшы оның Mazda 626 маркалы автокөлігін ашып, спорттық киімдер мен аяқ киімдерді ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 40 мың теңгеден асты. Бұл фактіні ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша Түлкібас ӨКП-нің СДТТБТ тіркеді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтау бойынша қажетті іс-шараларға бірден кірісті. Жедел уәкілдер қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық аумақтарды, аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түлкібас КП қызметкерлері қылмысын мойындаған күдікті — жергілікті тұрғынды ұстады. — Тергеу барысында жас жігіттің бөтен мүліктің ұрлануына қатысты төрт фактіге қатысы бар екені анықталды. Сол күні күдікті Mercedes автокөлігін ашып, үш мың теңге мен құжаттарды ұрлаған. Сондай-ақ, ұры жергілікті саябақ аумағынан құрылыс құралдарын ұрлап, жәбірленушілерге жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірді. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды, — деп атап өтті полициядан. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қолхатта болады. Полицейлер ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өздерінің автокөліктері мен құнды заттарын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Добавить комментарий