Хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі каналдан табылды, жүргізілген жедел іс-шаралардан кейін бірқатар ұрлық жасағаны үшін ұсталғандар кісі өлтіргенін мойындады.
Қыркүйек айының басында Мақтарал АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыны жұмыстан кейін үйіне оралмаған сіңлісінің із-түссіз жоғалып кеткені туралы арызданған. Полицейлер анықтағандай, жас әйел дүкенде сатушы болып жұмыс істеген, ұл тәрбиелеп отырған, отбасында ешқандай жанжал болмаған.
Аталған фактіні полицейлер Мақтарал АПБ-да тіркеп, бірден жоғалған адамды іздеуге кірісті. Оны іздеуге Мақтарал АПБ-ның барлық жеке құрамы, полицияның барлық бөлімшелеріне жоғалған адамның белгілері жазылған мәліметтерді жіберді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, туыстары мен куәгерлерімен сұхбаттасып, оның таныстарын, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.
Үш апта өткен соң жергілікті каналдардың бірінде полицейлер белгісіз әйелдің қаңқалық мәйіті мен киімін тапты. Алғашқыда алдын-ала тексеру кезінде жабайы аңдардан зардап шеккен мәйітті және өлімнің себебін анықтау мүмкін болмады. Жедел уәкілдер мен криминалистер жәбірленушінің жеке басын анықтау бойынша ауқымды жұмысты жүргізді. Полицейлер мәйіттің тиіспеген бөлігін тауып, дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына және туыстарының киімді тануы бойынша, жедел уәкіл қызметкерлері мәйіт хабар-ошарсыз жоғалған Мақтарал ауданының тұрғыны деген қорытындыға келді.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» болып қайта сараланды. Ауыр қылмысты ашу мақсатында Мақтарал АПБ-ның полицияның ең тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобын құрды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер кісі өлтірген күдіктілерді анықтады. Олар бұрын төлем терминалдарынан ұрлық жасағаны үшін ұсталған екі жергілікті тұрғын болып шықты. Жастар өз әрекеттерін толықтай мойындады. Тергеу барысында күдіктілер ауыр қылмысты пайдакүнемдік мақсатта жасағаны анықталды. Олар жас әйелге шабуыл жасап, тұншықтырып, содан кейін оны пышақтаған. Содан кейін 300 мың теңгені алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 2-бөлімінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер ретінде жәбірленушінің заттары, ұрланған мүліктің бір бөлігі және күдіктілердің автокөлігі алынды. Соттың шешімімен күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды. Полицейлер болған қылмыстың барлық мән-жайын анықтайды.