Түркістан облысы: экономикалық ахуал тұрақты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жағдайға түсініктеме берді.

«Қазір өңірде 142 мың ШОБ өкілі бар. 215 мың адам жұмыспен қамтылды, өндіріс өткен жылмен салыстырғанда 11% артты. Өңірде инвестиция тартуға баса назар аударылады. Қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 480,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім — 70%-дан астам», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысының әкімі өңірде ауыл шаруашылығы тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл саладағы өсім 635 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2%-ға артық.

Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында тұрғын үй құрылысының қарқыны үдей түскенін айтты. Осы айдың соңына дейін 24 жеті қабатты тұрғын үй салынады.

«Жыл соңына дейін баспана кезегінде тұрған 1452 отбасы қоныс тойын тойлайды. Көп балалы отбасыларға, бюджеттік сала қызметкерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жетім балаларға береміз», — деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Жалпы аймақта тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың шаршы метрді құрайды. Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылдың 10 айында Түркістан облысының өнеркәсібі 434,5 млрд теңге алғанын хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд-ға артық.

Добавить комментарий