Оңтүстік елордада жүргізуші көлігімен бағанаға соғылып, салдарынан алған жарақатынан қайтыс болды.
Өткен түні Mersedes Е — класс маркалы автокөлігі Абай бойымен батыс бағытта жүріп, Саин көшесіне жетпей, аялдама жаққа бұрылып кетеді. Бордюрды соғып кеткеннен кейін автокөлік аударылып, жол жарықтандыру бағанасына соғылды.
Соққының қатты болғаны соншалық, жүргізуші салонның ішіне қысылы қалды. Жақын маңнан өтіп бара жатқандар көмектесуге жүгіріп келді. Бірақ жүргізуші алған ауыр жарақаттан жол апаты болған жерде қайтыс болды.
Оқиға орнына жол полициясы қызметкерлері келіп, апаттың мән-жайын анықтады.