Түркістан облысы: Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Түркістан облысында төрт баланың анасын күйеуі ұрып өлтірді.

«11 маусымда полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркеді. Күдікті 14 маусымда ұсталып, қамауға алынды. Жәбірленуші бір апта бойы ауруханада жатып, есін жимастан қайтыс болды», — деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты қылмыстық іс абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру бойынша 106-баптың 3-бөлігі бойынша қайта сараланды.

Ер адамның сегіз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий