Түркістан облысы: Деструктивті діни ағымның 300 мүшесі анықталды

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жыл басынан бері дін саласы бойынша ҚР заңнамасын өрескел бұзған 10 азаматты анықтады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер діни-деструктивтік сипаттағы тыйым салынған материалдарды өздерінің жеке парақшаларына жариялаған жазбаның авторларын құрықтады. Сонымен қатар, діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған екі азамат ұсталды. Он құқықбұзушының ішінен: алтауы Түркістан қаласының, үшеуі Созақ және біреуі Сарыағаш ауданының тұрғындары. Аталған факті бойынша, 8 күдіктіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 453-бабы 2-тармағы бойынша материалдар жинақталды.

Аталған жайтқа сәйкес сегіз азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша, ал екі азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша тәртіп сақшыларымен құжаттар жинақталды.

Заңды шешім қабылдау үшін іс-құжаттар бірден сотқа жолданды. Нәтижесінде әкімшілік соттың қаулысымен 10 тәртіп бұзушыға жалпы 600 мыңнан астам теңгеге айыппұл салынды.

Сондай-ақ ТО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері атқарған ауқымды шаралар аясында Түркістан облысы аумағында тұратын 280-нен астам теріс діни ағым ұстанушылары анықталып, әртүрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Добавить комментарий