Түркістан облысы: 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Түркістан облысында 3,9 балдық жер сілкінісі болды.

Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция (СТӘЭ) хабарлағандай: «11 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 12:51-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 640 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,8. Магнитудасы MPV 3,9″, — делінген сейсмологтардың сенбі күнгі хабарламасында.

Ұсынылған картаға сәйкес, эпицентр Қарааспан ауылы маңындағы 5 шақырым тереңдікте Арыс, Темірлан және Шымкент ауылдары арасында орналасқан.

Добавить комментарий