Түркістан мен Шымкентте кардиохирург науқастарды тегін қабылдайды

Түркістан мен Шымкентте президенттік клиниканың дәрігерлері пациенттерді тегін қабылдайды.

Науқастарды кардиохирург Ермағамбет Қуатбаев пен ангиохирург Талғат Сәрсембаев қарайды.

Түркістан қалалық ауруханасына (емханада) және Шымкент облыстық клиникалық ауруханасына жазылу бойынша келуге болады.

Дәрігерлер 2021 жылғы 30 қыркүйекте сағат 09:00-18:00 қабылдайды; Шымкент қаласында — 2 қазан, сағат 09:00-18:00 аралығында қабылдайды.

Президенттік клиниканың дәрігерлері Шымкент пен Түркістанда науқастарды тегін қабылдайды

Ермағамбет Қуатбаев — жоғары санатты кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, Президенттік клиниканың хирургия жөніндегі директорының орынбасары;

Талғат Сәрсембаев — жоғары санатты ангиохирург.

Фото: Түркістан мен Шымкент тұрғындары президенттік клиника дәрігерлерінің қабылдауына тегін кіре алады

Қандай құжатпен келу керек. Консультациялық қабылдауға қажетті құжаттар:

  • Жеке басты куәландыратын құжаты;
  • кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ (жүректің УЗИ-i) хаттамасы, коронарография/КТ (компьютерлік томография) дискісі және барлық үзінділер, анализдер, тексерулер, талдаулар және т.б;
  • ангиохирургтің қабылдауына: тамыр УДДГ (ультрадыбыстық доплерография), КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінділер, анализдер, тексерулер, талдаулар және т.б.

Добавить комментарий