«Түркістан» кемесіне әскери-теңіз туы табысталды

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі «Түркістан» кемесіне әскери-теңіз туы табысталғанын ​хабарлады

«Маңғыстау облысының Баутино кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К.Мәсімов «Түркістан» шағын шекара кемесінің экипажына әскери-теңіз туы мен кеме атауы жазылған тақтайшаны салтанатты түрде табыс етті және шекарашылардың мемлекеттің теңіз шептерін қорғау ісіне сәттілік тіледі.

Кеме түркі әлемінің рухани астанасының құрметіне аталып, ағымдағы жылдың 5 мамырында суға түсірілді. Шекарашылар кемесі «Зенит» Орал зауыты АҚ отандық кәсіпорнында құрастырылған.

Добавить комментарий