Түркіменстан Еуропаға газ сатуды жоспарлап отыр

Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов 25-26 қазанда Әзірбайжан мен Түркия арқылы Еуропа елдеріне өтетін энергетикалық транзитті талқылау мақсатында Түркияға ресми сапармен баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bengu Türk басылымы хабарлады.

Түркіменстан делегациясының түрік билігімен кездесу барысында өзара сауданы кеңейту мәселелері де қарастырылады.

Түркіменстан президентінің Түркияға алдағы сапары туралы жаңалық 11 қазанда Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның Ашхабадқа сапарынан кейін белгілі болды.

Түркіменстан 2022 жылдың басынан бастап Әзірбайжанға Иран арқылы күніне 4,5 миллион текше метр көлемінде газ жеткізуді бастады. Қазіргі уақытта Транскаспий газ құбырын тарту жобасы талқыланып, әзірленіп жатыр және ол Түрікменстан мен Әзірбайжанды Иранды айналып өту арқылы тікелей байланыстырады.

Түрік тарапы «Достлук» («Достық») деп аталатын Каспийдегі кен орнына қатысты Түрікменстан мен Әзірбайжан арасындағы дауларды шешуде медиаторлық рөл атқарады. Бұл жоба Әзірбайжан үшін кен орнын игеруді бастау және Транскаспий газ құбырын құру қажеттілігінсіз түркімен газын Еуропаға жіберу перспективасына жол ашады.

Добавить комментарий