Түркияның бірнеше провинциясында коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Түркияның 26 провинциясында «дельта» (үнді) типті коронавирус табылды, індет жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Ыстамбұлда тіркелді.

Коронавирустың «дельта» нұсқасы 26 провинцияға таралды. Барлығы 224 адам жұқтырды, оның 134-і Ыстамбұлда тіркелді», — деп мәлімдеді Коджа.

Ол сондай-ақ елде әзірге «дельта плюс» түріндегі COVID-19 жағдайлары анықталмағанын атап өтті.

Соңғы уақытта әлемде алғаш рет Үндістанда пайда болған «дельта» штамы кеңінен таралуы байқалады. Атап айтқанда, оның таралу жылдамдығы өте жоғары.

Пандемия кезінде Түркияда коронавирустың барлығы 5,4 млн жағдайы тіркелген, індетке шалдыққан 49 мыңнан астам қайтыс болды, 5,2 миллионнан астам адам сауығып шықты.

Добавить комментарий