Түркиядан ондаған елшіні елден қуды

Түркия президенті Режеп Ердоғанның өкімімен, Түркиядан әр түрлі елдің ондаған елшілері қуылды.

Мемлекет басшысы Түркия Сыртқы істер министрлігіне АҚШ, Германия және Франция және басқа да мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларын елден шығару туралы тапсырма берді. Бұл туралы Daily Sabath газеті хабарлады.

Дипломаттар төңкеріс жасады деген күдікпен қамауға алынған түрік филантропы Осман Каваланы босатуға шақырғаны үшін мұндай шешім қабылданды.

Ыстамбұл прокуратурасы оны 2016 жылғы шілдеде болған төңкеріс әрекетіне қатысты деп айыпталып отыр, ол қамауға алынды. 2013 жылы Стамбулдағы үкіметті құлату мақсатында жаппай наразылық шарасын ұйымдастыру ісі бойынша сот оны ақтағаннан кейін оған бірден жаңа айып тағылды.

Осы аптада Каваланы АҚШ, Германия, Франция, Нидерланд, Канада, Жаңа Зеландия, Дания, Норвегия, Финляндия және Швеция елшіліктері босатуға шақырды.

Түркия — НАТО мүшесі және Еуроодаққа кіруге үміткер. Осыған қарамастан, ұйымға мүше елдердің елшілері нон грата тұлғасы болып жарияланады. Бейсенбі күні Ердоған дипломаттардың ел аумағында Анкараға ақыл айтуға құқығы жоқ екенін мәлімдеді. «Сендер кімсіңдер?» — деді.

Фото: Түркиядан ондаған елдің елшілері елден шығарылады

Добавить комментарий