Түркияда жаңа жер сілкінісі: 3 адам мерт болды

Түркияда жаңа жойқын жер сілкінісінен үш адам қаза тапты, деп хабарлады ІІМ.

Дүйсенбі күні кешке Түркия мен Сирия шекарасында болған магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі салдарынан үш адам мерт болды, 213 адам жарақат алды, деп хабарлайды Anadolu басылымы Түркия ІІМ басшысы Сүлеймен Сойлуға сілтеме жасап.

Ол зардап шеккендер ауруханаға жатқызылғанын нақтылады.

Түркия вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, бірінші жер сілкінісінен кейін тағы 20-ға жуық афтершок, соның ішінде магнитудасы 5,8 балдық бір жерасты дүмпуі болған. Сондай-ақ, ол азаматтарды қираған үйлерге кірмеуге және құтқарушыларды күтуге шақырды.

Бұған дейін АҚШ геологиялық қызметі сейсмологтар Түркия мен Сирия шекарасында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болғанын тіркеді. Жер сілкінісі Түркияның Хатай провинциясындағы Узунбаг елді мекенінен 3 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте болды.

Артынан Хатай провинциясының Самандаг ауданында 5,8 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі болды. Жаңа жер сілкіністері екі апта бұрын болған жер сілкіністері салдарынан қираған құрылыстардың бір бөлігін құлады.

Түркияның он провинциясында, сондай-ақ Сирия, Египет, Ирак, Иордания және Ливанда жер асты дүмпулері сезілді.

Екі апта бұрын Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Оның артынан магнитудасы 7,6 балдық эхо-дүмпулер сериясы болды. Аталған жер асты дүмпулері елде, сондай-ақ көршілес Сирияда ауқымды қирагдылар мен адам шығындарына алып келді.

«Анадолу» агенттігінің мәліметінше, Түркияда жер сілкінісі салдарынан мерт болғандар саны 41 156 адамға жеткен. «Әл-Жазира» телеарнасы Сирияда 5,8 мыңнан астам адам қаза тапқанын хабарлады.

Добавить комментарий