Түркияда өткен кинофестивальде Қазақстанға арнайы сыйлықпен мараппаталды

Түркияда өткен кинофестивальде «Қазақфильм» киностудиясы Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығымен мараппаталды.

Стамбұлда өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалінің жабылу салтанатында «Қазақфильм» киностудиясы «Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Марапатты «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев алды. Ол фестиваль ұйымдастырушыларына құрмет сыйлығы үшін алғыс айтты.

Биыл алғаш рет өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты. Фестиваль режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис»  тарихи картинасымен ашылды.

Добавить комментарий