Түркияда тағы бір жер сілкінісі болды

Түркияның шығыс өңірінде магнитудасы 5,2 балдық тағы бір жер сілкінісі болды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:00-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі 5 шақырым тереңдікте болды.

Сейсмологтар қуаттылығын 5,2 балдық жер сілкінісі болғанын айтты. Жаңа жер сілкінісі салдарынан қирандылар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.

Түркиядан басқа бүгін Қытай мен Қырғызстан шекарасында екі жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері Тәжікстанда да сезілді.

Добавить комментарий