Түркияда қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы атап өтілді. Елде ұлы қайраткердің құрметіне саябақ ашылып, Ғалымдар мұражайында ескерткіш орнатылды.
Түркияда Қазақстанның көрнекті тұлғаларының есімі берілген саябақ, даңғыл және көше бар. Олардың саны соңғы бірнеше жылда едәуір артып келеді.
Түркияның Чорум провинциясының тұрғындары мен қонақтары енді ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ таныса алады. Ғалымдар мұражайында оның құрметіне ақынның ескерткіші орнатылған бөлме ашылды. Мүсінді түрік шеберлері екі ай бойы жасады. Жұмысты бастмастан бұрын, олар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өмірін оқып, зерделеген.
Хакан Актан, мүсінші:
«Алдымен біз ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды зерттедік. Суретке жай қарап жасау жеткіліксіз, оның бет-әлпеті, оның көзқарасы туралы білу және түсіну қажет. Содан кейін біз азиялық үлгідегі мүсін жасадық. Қызық болды. Бірнеше апта бойы біз оның көз жанары туралы ақпарат іздестірдік, өйткені түрлі дереккөздер көп. «Мұндай тұлғалардың ескерткіштерін жасау — үлкен жауапкершілік.
Ал Ескіліп ауданында Абайдың құрметіне демалыс саябағы аталды. Сол жерде ұлы ақын туралы ақпарат жазылған ескерткіш тақтасы қойылып, екі жағына Қазақстан және Түркия байрағы орнатылды.
Абзал Сапарбеков, Қазақстанның Түркиядағы елшісі:
«Біз бұған дейін саябақтар ашып, Түркияның көптеген провинцияларында, соның ішінде Ыстамбұл, астана Анкара және Эгей өңірінде Абай даңғылдары мен көшелерін атадық. Бүгін біз месопотамиялық өркениеттің орталығындағы мұражайда саябақ пен бөлме аштық».
Түркияда ұлы қазақ ақынының 175 жылдығына арналған іс-шаралар әлі де шектелмеген. Алдағы уақытта Анкараның бір ауданында саябақ ашылады. Ұлы Абай есімін Ыстамбұлдағы ірі алаңдардың бірі де алады.