Түркияда лаңкестік әрекет жасаған Сирия азаматшасы туралы тың мәлімет белгілі болды

Түркия басылымдарының хабарлауынша, Ыстамбұлда жарылыс жасаған террористерді дайындауға батыс елдерінің бірінің арнайы қызметті бар қатысы болуы мүмкін.

Ыстамбұлда теракт жасаған Сирия азаматшасын АҚШ-тың нұсқаушылары дайындады. Бұл туралы 15 қарашада Түркияның Yeni Şafak газеті мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, терактіге дайындалған әйел Сирияның Кобани қаласынан келген. Бұған дейін Ахлам Альбашир Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) барлау мектебінде оқып, оларға америкалық сарбаздар дәріс оқыған.

Газеттің хабарлауынша, лаңкестік әрекет жасау туралы бұйрықты Альбашир КЖП басшыларының бірінен алған.

Добавить комментарий