Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтунның мәлімдеуінше, президент Режеп Тайып Ердоғанның денсаулығы жақсы және елді басқаруды жалғастырады. Ол Ердоған «өз міндеттерін белсенді атқарып келе жатқанын» айтты. Сәрсенбіге қараған түні Ердоған жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде берген сұхбатында өзін күрт нашар сезінген, кейіннен бұл асқазан тұмауымен байланысты екенін хабарлады. Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ беттерінде жарияланған ақпарттарға қарамастан, Ердоғанның денсаулығы туралы қауесеттерді ел билігі ресми түрде жоққа шығарды. Әкімшілік Түркия президенті «өте күшті» және энергияға толы және мемлекетті басқаруды жалғастыратынын атап өтті.