Түркия жер сілкінісінен кейін қаланы толығымен бұзып тастауды жоспарлап отыр

Түркия билігі жер сілкінісінен қатты зардап шеккен қаланы толығымен бұзып, оны қайта салуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нурдагы қаласы толығымен бұзылып, қайта салынады, деп хабарлайды NTV түрік телеарнасы.

Губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгиннің айтуынша, үйінді аудандарында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жер сілкінісінен кейін 160 сағат өткен соң 18 жастағы жігіт үйіндісі астынан тірі шығарылды.

«Біздің барлық командаларымыз бірге жұмыс істеп жатыр. Барлық командаларымыз үлкен үлес қосуда. Соңғы 8 үйде үйінді астынан адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда», — деді Билгин.

Ол Нұрдағы толығымен бұзылып, қайта салынатынын мәлімдеді. «Бізде үйлер бар. Олар қайта салынады», — деді губернатор.

Нұрдағы Газиантеп қаласынан батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан, онда 40 мыңнан астам адам тұрады. 6 ақпанда қаладан 6,5 шақырым қашықтықта магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі болды.

Хабарланғандай, зардап шеккен түрік қалаларында құтқарушылар үйінділердің астынан бір апта өтсе де аман қалған адамдарды тауып жатыр.

Қазіргі уақытта Түркияда 31 мыңнан астам адамның қаза болғаны расталды. Сирияда қаза болғандармен бірге жер сілкінісі салдарынан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды. БҰҰ үйінділер астынан тағы осынша адам болуы мүмкін деп отыр.

Добавить комментарий