Түркия Таулы Қарабақтағы жағдайды ушықтырып, қақтығыс аумағына сириялық содырларды жіберуде

Wall Steet Journal газетінің ақпаратына сәйкес және тасымалдаңған сириялықтардың айтуынша, содырлар Таулы Қарабаққа қыркүйектің ортасынан бері бір уақытта 100 адамға дейін аттанған. Тағы бір сириялық газет дереккөзі жүздеген адамның жіберілгенін, ал соғыстың ауыртпалығынан ондаған адамның оралғанын мәлімдеді.

Сириялық бүлікшінің айтуынша, көптеген содырларды екі мың долларға дейінгі жалақымен қызықтырады, бұл соғыс салдарынан экономикасы бұзылған ел үшін айтарлықтай сома болып есептеледі. Оның айтуынша, адамдардың кімнің жағында соғысатыны бәрібір, оларға тек ақша керек.
WSJ сұхбаттасушыларының бірі сириялық сожырлар арасында құрбандар тез өсіп жатқанын, шамамен 200 адам қайтаруды сұрап жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, газет түрік шенеуніктеріне сілтеме жасап: олар Түркия Әзірбайжанда екі апталық әскери жаттығулар ұйымдастырып, елге соққы беретін ұшқыштар бергенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарабақтағы байланыс аймағындағы ұрыстар 27 қыркүйекте басталған болатын. Армения мен Әзірбайжан бір-бірін соғыс қимылдарын бастағаны үшін айыптап отыр, Қарабақтағы елді мекендердің бейбіт тұрғындарын, соның ішінде танылмаған республиканың астанасы Степанакертке артиллериялық атқылау жасағаны туралы хабарлайды.  Армения Бакуге Анкара белсенді қолдау көрсетіп отыр деп, соғыс жағдайы мен жалпыға бірдей жұмылдыруды жариялады. Әзірбайжанда ішінара жұмылдыру енгізілді.

 

Добавить комментарий