Түркия Сирия аумағына баса-көктеп кіруі мүмкін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұшақта журналистерге берген сұхбатында түрік әскерилері Сирия аумағына күтпеген жерден баса-көктеп кіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Менің осы мәселеге қатысты мәлімдемем бар: біз күтпеген жерден түнде кіруіміз мүмкін. Қобалжудың қажеті жоқ. Асықпау керек. Біз қазір осы салада жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, бізде бір жағынан Ирактың солтүстігінде, екінші жағынан Афринада, Сирияның солтүстігінде жұмыстарымыз бар», — деп атап өтті Ердоған.

Сондай-ақ, ол уақыты келгенде түрік билігі әскери операцияларды «қуатты түрде» жүргізетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, ол сәл шыдамдылық таныту керектігін айтты.

Бұған дейін, 1 маусымда Ердоған Сирияда терроризмге қарсы операция басталғанын жариялаған болатын.

Добавить комментарий