Түркия СІМ басшысы Қазақстанға сапармен келеді

Түркия Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келетіні белгілі болды.

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Қазақстанға сапармен барады, деп хабарлады сәрсенбі күні Түркия СІМ.

«Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы 2022 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасына ресми сапармен барады. Министр Чавушоғлы әріптесі вице-премьер — сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен бірге Стратегиялық жоспарлау бірлескен тобының 7-ші отырысына басшылық етеді, олар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті өңірлік және жаһандық оқиғаларды талқылайды», — делінген хабарламада.

Түркия Сыртқы істер министрлігі Чавушоғлыны «президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайтынын» хабарлады.

Добавить комментарий