Түркия: Президентке тіл тигізгендерге қатысты 30 қылмыстық іс қозғалды

Түркияда президентке тіл тигізген 30 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар өз жазбасында Ердоған «өлді» деген хэштег қолданған.

Аталған хэштегті қолданған жазбалар мемлекет басшысын қорлайды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар темір торға тоғытылады.

Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанның абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын жазбаларға байланысты 30 Twitter қолданушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Түркия Бас қауіпсіздік басқармасының сайтында хабарланды.

«Жүргізілген виртуалды патрульдеу барысында президентіміз Режеп Тайып Ердағон туралы #dead хэштегі Twitter әлеуметтік желісінде тарағаны анықталды. Осы хэштегты қолданған 30 адам сәйкестендірілді, олар жалған ақпарат таратып, президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын түрлі контент таратты. Оларға қарсы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, материалдар сот органдарына жолданды», — делінген хабарламада.

Хэштег таратқаны үшін түрмеге қамалады: Туркияда бірден 30 қылмыстық іс қозғалды

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар бас бостандығынан айырылады.

Түркияда президент пен билік өкілдеріне тіл тигізгендер бір жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

2019 жылғы жазда түрік соты Ван провинциясының тұрғыны Бурхан Боракты әлеуметтік желіде президент Режеп Тайып Ердоғанды қорлағаны үшін 12 жыл 3 ай бас бостандығынан айырған. Әлеуметтік желідежариялаған әр жазбасы үшін сотталушы 1 жыл 9 ай алды.

Бұл Түркия президентіне тіл тигізгені үшін шығарылған ең ауыр үкім.

Добавить комментарий