Түркия Президенті Режеп Ердоған Түркия парламентінде сөйлеген сөзінде радикалды палестиналық ХАМАС тобын террористік топ қарайтын елдерге шүйлікті. Ердоған бұл ұйымды «өз жері мен өз азаматтарын қорғау үшін күресіп жатқан азаттық тобы» деп санайды. Президент өз сөзінде оылай деп пікір білдірді.
Сонымен қатар, Ердоған Израильге жоспарланған сапарынан бас тартқанын жариялады. Ол Түркия Израильмен қарым-қатынасты толықтай қалыпқа келтірмек болғанын, бірақ Израиль бұл бағытта қадам жасамағанын, бұл түрік тарапының наразылығын тудырғанын айтты.
Дегенмен, Президент Ердоған Түркияның Израиль мен палестиналықтар арасындағы қақтығысты реттеуде кепілгер болуға дайын екенін айтты.
2010 жылы Израиль арнайы жасағы Түркиядан Газа секторына бет алған кемені басып алғаннан кейін Израиль мен Түркия арасындағы қарым-қатынасы нашарлады. 2018 жылдың мамыр айында Газа секторындағы наразылық шаралары аясында Анкара Израиль елшісіне Түркиядан кетуді ұсынды. Осыдан кейін Израиль мен Түркия дипломатиялық қарым-қатынастарын толық қалпына келтірді, бірақ палестиналықтардың құқықтарына қатысты мәселелері ашық күйінде қалды.