Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 20 мыңнан асты.
Түркияның оңтүстігі мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 20296 адамға жетті, деп хабарлайды бейсенбі күні «Анадолу».
Агенттіктің мәліметінше, Түркияда 17134 адам, ал Сирияда 3162 адам жер сілкінісі салдарынан құрбан болған.
7,7 баллдық жойқын жер сілкінісі дүйсенбіге қараған түні орын алды, одан кейін бірнеше жер асты дүмпулері орын алды, олардың бірінің магнитудасы 7,6 балдық болды.