Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі: 34 мыңнан астам адам қаза тапты

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың жалпы саны 34 179-ға жетті.

Бұл туралы CNN Түркияның төтенше жағдайларды үйлестіру орталығы SAKOM-ға және Сирияны құтқару үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

SAKOM мәліметі бойынша, Түркияда қаза тапқандар саны 29 605 адамға жетті.

Сирияда қаза тапқандардың саны 4 574 адамды құрайды.

6 ақпанда Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігіне қатты зілзалалар болып, одан кейін жүздеген дүмпулер орын алды. Құтқарушылар командалары әлі күнге дейін аман қалғандарды іздеп жатыр.

Добавить комментарий