Түрік әуе күштері Ирактағы Дахук провинциясының солтүстігінде орналасқан Күрдістан Жұмысшы партиясының нысандарына соққы жасады.
Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Түркия билігі КЖП-ні ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі қатерлердің бірі деп санайды. Түркия 20 қарашаға қараған түні Ирак пен Сирияның солтүстігінде әуе операциясын өткізді, оған 50-ден астам ұшақ пен 20 ұшқышсыз басқарылатын ұшақ жұмылдырылды. Аталған шабуылдар Анкара тыйым салған партияның орналасқан орындарға жасалды. Түркия билігі 13 қарашада Стамбулда алты адамның өмірін қиған лаңкестік шабуыл үшін КЖП мен сириялық күрдтерге жауапкершілік жүктеді.