Түркия: Инфляция рекордтық көрсеткішке жетті

Түркияда инфляцияда бір жыл ішінде 83,45 пайызға жетті, деп хабарлады Анкарадағы Ұлттық статистика институты.

Алкогольсіз сусындар, көлік қызметтері мен азық-түлік тауарлары қатты қымбаттады.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, Түркияда азық-түлік тауарлары мен алкогольсіз сусындардың бағасы бір жылда 93 пайызға өскен. Тасымалдау саласына келер болсақ, ол 117,66 пайызға көтерілді.

Бір жылдың ішінде коммуникация және білім беру саласындағы қызмет қатты қымбаттамаған, сәйкесінше 30,76 пайызға және 36,69 пайыз.

Сонымен қатар, тұрғын үй нарығында да бағаның үдемелі өсуі байқалды. Ол ай сайын 9,99 пайызға қымбаттады. Жылдық есептеуде баға 85 пайызға көтерілді.

Түркия статистика институтының мәліметі бойынша, 4 маусымда елдегі жылдық инфляция 70 пайыздан асты.

Добавить комментарий