Түркияның монополияға қарсы комитеті Facebook пен оның қосымшасы WhatsApp-қа қатысты компанияның жаңа құпиялылық саясатына байланысты тергеуді бастады.
Ведомство ел аумағында WhatsApp-тың жаңа пайдаланушылық келісімінің қолданылуын тоқтатты деп атап өтілді.
Бұған дейін Түркияның мемлекеттік ведомстволары, соның ішінде президент Режеп Ердоғанның баспасөз қызметі мен қорғаныс министрлігі жаңа қолданушылық ережелерді енгізуге байланысты WhatsApp мессенджерінен бас тартқан болатын. Жаңа ережелерге сәйкес, пайдаланушылар өздерінің жеке мәліметтерін Facebook-тың жарнама жүйесіне беруге міндетті.
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың пікірінше, сервистің жаңа саясаты пайдаланушылардың жаппай бас таруына алып келеді. Ол пайдаланушылардың бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан Telegram-нан WhatsApp-қа ауысуы жеделдегенін атап өтті.