Түркия елге кіру ережелерін өзгертті

Түркия бүгіннен бастап шетелдіктердің елге кіруіне жаңа ережелер қолданылатынын хабарлады.

15 наурыздан бастап Түркияға шетелден келетін тұлғалар кіру сауалнамасын электронды форматта толтыруы қажет. Бұған дейін бұл сауалнамаларды паспорттық бақылау бағандарында қағазға толтырып келген.

Сауалнамада келушілер өздерінің негізгі мәліметтері мен Түркияда тұратын мекен-жайын жазуы керек.

Электронды сауалнаманы Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында толтыруға болады — register.health.gov.tr.

«Сауалнаманы жолға шығардан 72 сағат бұрын толтыруы тиіс. Осы мәліметтердің арқасында сіз Түркияда барған кезде коронавирусқа (COVID-19) қатысты елдегі жағдайы туралы ақпарат ала аласыз, өзіңіз бен жақындарыңызды қорғай аласыз. Сауалнаманы толтырған әрбір азаматқа Түркия билігі қажет болған жағдайда адаммен байланыса алатын бірегей код алады. Осыған байланысты дұрыс мәліметтерді көрсету маңызды. Сауалнаманың болуы шекарада тексеріледі. Анкета толтырылмаған немесе дұрыс толтырылмаған жағдайда, ұшып келген адамға айыппұл салынуы мүмкін. Бұдан басқа, оларға елге кіруге рұқсат етілмеуі мүмкін», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.

Транзитпен саяхаттайтын адамдарға сауалнама толтырмаса болады.

Добавить комментарий