Армения премьер-министрі Әзірбайжанмен қандай жағдайда бітім жасау мүмкін екендігін мәлімдеді.
Бұл үшін Түркия қарулы қақтығысқа тікелей қатысуын тоқтатып, Таяу Шығыстағы лаңкестер мен жалдамалыларды соғыс аймағынан шығаруы қажет. Сәрсенбі күні Армения министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Армения бітім шарты ретінде Түркияның [Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысқа] қатысуын тоқтату, сондай-ақ террористер мен жалдамалыларды шығару немесе бейтараптандыру маңыздылығын атап өтті», — делінген хабарламада.
Бұған дейін армян билігінің өкілдері түрік қарулы күштері Таулы Қарабақтағы ұрыстарға тікелей қатысып жатқанын, ал Анкара жанжал аймағына Таяу Шығыстағы бақылауындағы топтардан Таяу Шығыс лаңкестерін жіберетінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Таулы Қарабақтағы жағдай 27 қыркүйекте шиеленісіп кетті. Әзірбайжан мен Арменияда соғыс жағдайы енгізілді, мобилизациялау жарияланды. Екі тарап қаза болғандар мен жараланғандар туралы, оның ішінде азаматтық тұрғындар да бар деп хабарлайды.
Баку мен Ереван Таулы Қарабақтың 1988 жылдың ақпан айынан бастап, Әзірбайжан КСР құрамынан шыққанын жариялаған кезден бастап дауласып келеді. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс барысында Әзірбайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жеті ауданның бақылауын жоғалтып алды.