Түркия: 7,7 балдық жер сілкінісі болды

Сейсмологтар Түркияда бүгін, дүйсенбі, 6 ақпан күні жер сілкінісі болғанын хабарлады. Жер асты дүмпулерінің күші 7,7 баллды құрайды.

Еуропа-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте екенін атап өтті. Жер сілкінісінің эпицентрі Түркияның Газиантеп қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан.

Түркия Дүлей зілзалаларға және төтенше жағдайларға қарсы күрес төралқасының жер сілкінісі департаменті 28 мың халқы бар Пазарджык қаласының маңында 7 шақырым тереңдікте 7,4 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлады. Қала Газиантептен 50 шақырым қашықтықта орналасқан.

Неміс зерттеу орталығы (GeoForschungsZentrum, GFZ) Газиантеп маңындағы жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 болғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Күні кеше 3 магнитудалы жер сілкінісі Приморье мен ҚХР шекарасындағы Ханка көлінің акваториясында болды. Жел дүмпуінің ошағы Ханка көлінің акваториясында 6 шақырым тереңдікте, Спасск-Дальний қаласынан 25 шақырым шығысқа қарай орналасқан.

25 қаңтарда Түркияның Анталия қаласының жағалауында 5,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Дүмпулер ошағы Жерорта теңізінде 41 шақырым тереңдікте. Сейсмикалық белсенділік Анталия, Фетхие және Мугла провинциясының басқа да қалаларында сезілді.

Добавить комментарий