Түркі әлемін құруға кім бастамашы болды: Тоқаевтың ТМҰ саммитінде сөйлеген сөзі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан түркі әлемінің Атажұрты екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол 2022 жылғы 11 қараша, жұма күні сөйлеген сөзінде айтты.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Түркі әлемінің Атажұрты екенін» атап өтті.

Хабарланғандай, Түркі ынтымақтастығына ұйытқы болған ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Түркі академиясы ұйымдарының көпшілігіне Қазақстан бастамашы болған.

«Бұл ұйымдар бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосып отыр», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын құруды ұсынды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы түркі елдері арасындағы көлік-транзит дәліздері туралы айтты.

 

Добавить комментарий