Түркітілдес мемлекеттер Банк қауымдастықтарының кеңесін құру туралы шешім қабылдады.
Кеңес отырыстары жылына бір немесе екі рет өткізілетін болады
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның банк бірлестіктері «Түркітілдес мемлекеттер банк қауымдастықтары кеңесін» құрды. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан жазды.
«Бейсенбі күні Ыстамбулда Түркітілдес мемлекеттердің (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия) банк бірлестіктері өкілдері кездесті. Кездесу барысында «Түркітілдес мемлекеттерінің банк қауымдастығы кеңесін» құру туралы шешім қабылданып, өзара түсіністік туралы тиісті Меморандумға қол қойылды», — деп хабарлады Әзірбайжан банктерінің қауымдастығы (ӘБҚ).
ӘБҚ мәліметі бойынша, Кеңестің негізгі қызметі мүше елдер арасында тауарлар мен қызметтер ұсынуды кеңейту, ұйымдастырылған қаржылық-банктік қызмет көрсетумен капитал қозғалысы, түркітілдес елдердің қаржы мекемелері арасында тікелей корреспонденттік қатынастар орнату, заманауи ақпараттық технологиялар мен халықаралық стандарттар негізінде қаржылық қызметтер инфрақұрылымын жетілдіру.
Сонымен қатар, Кеңес қатысушыларының қаржылық және банктік заңнамасын, оның ішінде нормативтік құжаттарды және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі, қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру саласындағы бірлескен ынтымақтастықты талдайды. ӘБҚ атап өткендей, кеңес отырыстары Кеңеске мүше елдерінде кезектесіп, жылына бір немесе екі рет өткізілетін болады.