Түрікменстан «Тозақ қақпасы» газ кратеріне баруға тыйым салды

Түркіменстан билігі «Тозақ қақпасы» газ кратеріне баруға тыйым салды.

Енді Қарақұмда орналасқан Дарваз газ кратеріне арнайы рұқсатсыз ешкім кіре алмайды. Бұл туралы «Түрікменстан хроникалары» тілшісі хабарлады.

Кеңес геологтары шоғырланған жерасты газын 1971 жылы тапқан. Зерттеушілердің бұрғылау мұнарасы мен басқа да құрылғылары пайда болған шұңқырға түсіп кетеді. Аймақ тұрғындары және малға зияны тимеу үшін геологтар газды жағып жіберу туралы шешімге келеді. Өрт бірнеше күннен кейін сөнеді деп болжам жасаған. Алайда, кратерден шыққан газ жалыны 50 жылдан бері өшкен емес.

«Енді Дарвазаға «Түркменсияхат» мемлекеттік туристік корпорациясының рұқсаты болған жағдайда ғана баруға болады. Полиция қызметкерлері кратердің жанына бекеттер орнатып, жергілікті тұрғындарға енді кратерге жақындауға тыйым салынатынын ескертті. Мұндай шектеуге газдың атқылауы мүмкін екендігі себеп болған., соның салдарынан адамдар уланып, күйік шалып, тіпті жер опырылып кетуі ықтимал екен. Аталған шектеу туристерге қатысты емес», — делінген хабарламада.

Халық арасында кратерді «Тозақ қақпасы» деп атайды. Билік өкілдері нысанның атауын «Қарақұм жарығы» деп өзгертпек болған, алайда атауы өзгермеді.

Добавить комментарий