Түрікменстан Президентінің сайлауына ҚР-дан жіберілетін байқаушылардың бекітілді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы елімізден Түркіменстанда өтетін сайлауға жіберілетін бақылаушылардың тізімін бекітті.

Түркіменстандағы сайлауды байқауға ТМД, ШЫҰ байқаушылар миссияларының құрамында Қазақстан Республикасының төрт өкілі қатысады. Олар:

Алмаз Бүркітбаев;
Марлен Рыспеков;
Асылбек Смағұлов;
Дастан Сүлейменов.

Кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылғы 12 наурызына тағайындалды. Түркіменстанда туған, 40 қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, өткен он бес жыл ішінде Түркіменстанда тұрақты тұрып, жұмыс істейтін Түркіменстан азаматы Түрікменстан Президенті болып сайлана алады.

Түркіменстан Президентін Түркіменстан халқы жеті жыл мерзімге сайлайды және ол ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Добавить комментарий