Түркменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри экологияға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, халықаралық күн тәртібінде ерекше назар аударылатын экологиялық проблематика мәселелері қозғалып, осы тақырыптың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, тараптар Түрікменстан мен АҚШ-тың өзара мүдделерге және жалпы әл-ауқат мақсаттарына жауап беретін конструктивті ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.
Әңгіме барысында Түрікменстанда жасыл экономикаға көшу стратегиясы жүзеге асырылып жатқаны, мұнай-газ, энергетика, көлік және басқа салаларда озық экологиялық таза ресурс үнемдеуші технологиялар жүйелі түрде енгізіліп отырғаны атап өтілді. Түрікмен тарапының бастамасымен Ашхабадта БҰҰ аясында Орталық Азияға арналған Өңірлік климаттық технологиялар орталығын ашу жоспарлануда. Ол климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жеңілдету саласындағы тиімді серіктестіктің платформасына айналуға арналған, деп атап өтті басылым.
Кездесу америкалық тараптың бастамасымен өтті.