Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 6,5 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аймақ тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға және 1 млн тұрғын үйдің құрылысын биыл аяқтау туралы айтып берді. Осы мақсатқа бөлінген 6,5 млрд. теңгенің арқасында мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсарта алады.

Өңірде тұрғын үй құрылысы саласының қарқынды дамуы байқалады.

Атап айтқанда, жеке тұрғын үй құрылысы белсенді дамуда, «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта пайдалануға 558 мың м2 тұрғын үй немесе 3 785 пәтер берілді. Жалпы, жыл соңына дейін 1 млн. м2 немесе 7 200 пәтер тапсыру жоспарланып отыр. «7-20-25» бағдарламасы бойынша шамамен 1 400 өтінім мақұлданды.

«Тұрғын үй кезегінде 31,2 мың адам тұр, оның ішінде 16,5 мыңы — халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдері, 2,8 мың көп балалы отбасы. Ағымдағы жылы 1 084 отбасына пәтер беру жоспарланып отыр, 485 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 222 — халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдері, 236 — көп балалы отбасылар. Бұл мақсатқа 6,5 млрд теңге қарастырылған. 2021 жылға 1,1 млн. м2 немесе 7 500 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр», — деді спикер.
Пандемияға байланысты ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қызметтердің шекті тарифтері 20%-ға, аудандар бойынша 50%-ға төмендетілді
электр энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын халық топтары үшін бүкіл облыс бойынша 10% шегінде.

Облыста халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Елді мекендерді сумен және газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша 2020 жылдың соңына дейін халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау 95,8%-ды, газбен жабдықтау — 91,3%-ды құрайды.
2021 жылы 12 елді мекеннің тұрғындарын ауыз сумен, 8 елді мекенді газбен қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыру жоспарланған. Жобалардың құны 4,8 млрд теңге.

Добавить комментарий