Тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға және ақылы медициналық қызмет алуға мүмкіндік беретін заң қабылданған сәттен бастап қазақстандықтар өздерінің жинақтарын осы шұғыл қажеттіліктерге жұмсап жатыр.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі БЖЗҚ) 2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгеден астам қаржыны аударды (140 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды). 159 621 қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі — әйелдер (50 236), ал үштен екісі — ер адамдар (109 385).
БЗТ қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (28 450 адам), жалпы сомасы 279 млрд теңгеден астам қаражат пайдаланған. Екінші орында — Нұр-Сұлтан қаласы (26 015 адам), елорда тұрғындары 162 млрд-тан астам теңге пайдаланды. Үшінші орында Алматы — 21 832 адам, алматылықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын 173 млрд-тан астам теңге пайдаланды.
26.05.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:
32 273 клиент Банктегі несие бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық)
25 637 клиент ипотекалық несие бойынша берешегін өтеді (ішінара немесе толық)
82 261 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу)
8 422 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй несиесін алды
3 953 клиент ипотекалық несие алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
2 018 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді
204 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды
4 853 клиент емделу ақысын төледі.