Тұрғын үй нарығында жасалған келісімдер саны 90%-ға өсті

Қазақстанда жылжымайтын мүлік бойынша жасалған келісімдер саны 90%-ға артты.

Сарапшылардың мәліметінше, ақпан айында жалпы ел бойынша сатып алу-сату көлемі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 90%-ға өсті.

Кейбір өңірлерде баға бірден 400%-ға көтерілді! Өткен жылы нарық тек төмендеуді көрсеткен.

«Ақпан айында Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығындағы сатып алу-сату бойынша жасалған келеісімдер көлемі өткен жылғы қаңтарға қарағанда бірден 90,5%-ға өсті, ал қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй нарығындағы операциялардың өсімі 40,4%-ға өсті. Бұл ретте өткен жылы көрсеткіш 3,8%-ға төмендегенін көрсетті, бұл көрсеткіш локдаундар кезіндегі нарықтың сәтсіздігінің нәтижесі ретінде сәуірде — 91%-ға, шілдеде — 17,8%-ға төмендеді. Айта кетейік, еліміздің бірқатар өңірлерінде тұрғын үй нарығында жасалған келісімдер санының өсімі 300-400%-ден асты. Атап айтқанда, Атырау облысында көрсеткіш 3,2 есе (2021 жылғы ақпан айынан 2020 жылғы ақпанға қарағанда), Маңғыстау облысында — 6,9 есе, Нұр-Сұлтанда — 2,1 есе артты», — делінген ашық деректерде.

Бағаның өсуіне қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға рұқсат беру туралы заңнаманың өзгеруі себеп болды.

Елімізде жылжымайтын мүлік бағасы өсуде.

2012 жылдан бастап жинақталған қайталама тұрғын үй бағасының өсуі сол кезеңде жинақталған тұтынушылық инфляциядан басып озды.

«Таң қаларлық жайт, аталған процесстердің экономикалық және әлеуметтік қорытындысы Қазақстанда халықтың басым бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін төмендету болып табылады, бұл іске асырылған зейнетақы реформасының бастапқы мақсаты мен тұжырымдамасына қайшы келеді», — деп атап өтті сарапшылар.

Добавить комментарий