Нұр-Сұлтанда әйелдің үстіне «Номад» тұрғын үй кешенінің шатырынан металл конструкциясы құлады, зардап шеккен әйелді жедел жәрдеммен алып кетті.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.
Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы ауыр, бас-ми жарақаты алғанын хабарлады. Әйелге жедел түрде ота жасап, жансақтау бөліміне ауыстырды.
Үйдің тұрғындары шатырдағы күмбезді мерекелік іс-шараларды өткізуге жалға берілетінін айтты.