«СарыарқаАвтоПром» — бұл отандық машина жасаудың көшбасшысы, Қазақстандағы ең ірі зауыт және елімізде ұсақ тораптық құрастыру әдісімен автокөліктер шығаруды жолға қойған алғашқы кәсіпорын (ағылшын тілінен Complete knock-down — «толыққанды»). Зауыт Қазақстан мен таяу шетелдерге түрлі брендтер, оның ішінде электромобильдер шығарады.
Зауытқа биыл 10 жыл толды. 100 мыңыншы автокөлік шығарылды, ол кәсіпорынның негізгі бренді JAC-қа түсті.
Қазақстанда жаңа энергетикалық көлік құралдарының даму үрдістері туралы сұрақтарға біз «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС директоры Сырым Сайранбекұлы Семейбаевтан жауап алуды сұрадық.
— Жақында Қазақстанда отандық электромобильдердің алғашқы ұлттық павильоны ашылды. Оның мақсаты не?
- Ағымдағы жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында отандық электромобильдердің ұлттық павильоны ашылды. Салон қазақстандықтардың назарын экологиялық таза көлік түріне аударуға бағытталған.
Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтарына экологиялық фактордан бөлек, дәстүрлі көліктерде жоқ жайлылық деңгейіне ие жаңа технологияларды сынақтан өткізу ұсынылады.
Қазақстанның автокөлік нарығы үшін ерекше нысанның пайда болуы елімізде экспорттық бағдармен электрокарлар өндірісін және оларға қажетті инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз.
— Жаңа салонда электромобильдердің қандай модельдері ұсынылған?
Павильонда қостанайлық «СарыарқаАвтоПром» зауытында шығарылған электромобильдер таныстырылды, ол ел аумағында электр көлігін шығару тәжірибесіне ие
Салонда өзіңіз үшін JAC брендінің үлгілерін «ашуға» болады. Бұл JAC IEVS4 және JAC IEV7S көліктері. Соңғысы, үстіміздегі жылдың қазан айында зарядтаусыз ұзақ уақыт жүргені үшін Ресей Гиннестің рекордтар кітабына кірді. «Жетілік» белгісі 376 шақырымға тең болды, бұл өндіруші қойған 100 шақырымнан көп.
— «СарыаркаАвтоПром» зауыты — Қазақстандағы көліктің барлық түрін шығаратын жалғыз кәсіпорын. Айтыңызшы, электромобильдерден басқа, экотехниканы дамыту қандай салаларда жүргізілуде?
- Біз қоршаған ортаны қорғауға шынымен мұқият қараймыз, сондықтан зауыттың алдында баламалы отынмен көлікті дамыту басым міндеттердің бірі болып табылады.
Бүгінде біз Нұр-Сұлтан, Павлодар және Ақтау қалаларында жүретін электр автобустарын шығарып жатырмыз. Айта кету керек, Ақтау — Қазақстандағы электр автобустары тұрақты қызмет көрсете бастаған алғашқы қала. Ал көп ұзамай елдің бетке ұстар қаласы — Бурабай сияқты курорттық аймақтар да экологиялық таза көлік түріне көшуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын отандық электр автобустарымен қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту жөніндегі бағдарламасының арқасында еліміздің қалалары мен облыстарындағы жолаушылардың экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру мүмкін болды.
— Пандемия жобалардың іске асырылуына әсер етті ме?
- Өндіріс пен жоспарларға әсер еткен жоқ. Пандемияның шарықтау шегі, наурыз айында біз Chevrolet автокөліктерін өндірудің жаңа желісін іске қостық, бұл біз үшін айтулы оқиға.
Сондай-ақ, зауытқа биыл 10 жыл болды, біз 100 мыңыншы автокөлік шығаруды жоспарлап, жүзеге асырдық, ол кәсіпорынның негізгі бренді JAC-қа түсті.
Ал еңбек түріне келетін болсақ, әсері болды. Пандемияның алғашқы күнінен бастап зауыт өндіріске вирустың таралуын болдырмау үшін ерекше режимге ауыстырылды. Бұл барлық қызметкерлерді жоспарлы түрде бірнеше рет тексеру, барлық үй-жайларды өңдеу, тіпті, үлкен алаңдарды дезинфекциялау және стерилизациялау үшін өз техникамызды өндірдік. Бұл шаралардың барлығы, бірінші кезекте, біздің қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін, содан кейін жоспарланған көлемді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, «СарыарқаАвтоПром» COVID-19-ға қарсы күрес үшін арнайы техника өндірісімен айналысады. Ағымдағы жылы бұл JAC Sunray базасында А, В және С сыныпты жедел медициналық жәрдем көліктерімен толығымен жасақталған 438, Chevrolet Damas базасындағы 200 санитарлық көлік және Yutong автобустары базасындағы 100 жылжымалы медициналық кешен шығарды.
Көп ұзамай біз бұл вирусты бірігіп еңсере аламыз деп үміттенеміз, және біздің техникамыз үмітімізді ақтайды деп сенеміз.
— Компанияңыздың алдағы жылға және болашаққа қо»ған электр көліктеріне қатысты жоспарларымен бөлісе аласыз ба?
- Алдағы жылы біз Қазақстан мен таяу шетел нарығы үшін электромобильдерді кең көлемде өндіруді жоспарлап отырмыз.
Бүгінде, мысалы, Қырым курорттарына қазақстандық өндірістің 1000 электр JAC көлігін жеткізу мәселесі пысықталуда. Ресейде туристер мен жергілікті тұрғындарға арналған каршеринг жобасын іске қосу жоспарлануда.
Электромобильдер каршерингін ашу мәселесі Қазақстан үшін де өзекті, бұл әрбір адамға баламалы отынмен көліктің барлық артықшылықтарын сезінуге мүмкіндік береді.
Электромобильдер қоғамның қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасының ілгерілеуін анықтай отырып, бүкіл әлемде авто нарығына үлкен бәсекелестік тудырып жатқанын түсіну қажет. Бұл үрдіс ерте ме, кеш пе, бізге де келеді. Біз оның елімізге келуі ұзақ болмауы үшін еңбек ететін боламыз.