Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығының қаражат жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізуде

16 мая 04:23 / Опубликовано в Пікірлер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің басшлылығы қаражат жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізуде.

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

«Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ұлттық сузейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы жемқорлық жасады деген күдікке іліккені туралы ақпарат тараған болатын. Ұлттық музей бұл ақпарат жоққа шығарды. Мұхамедиұлы қазір ауруханада жатыр. Ол музейге қатысты туындаған жанжалға қатысты түсініктеме берген болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлы музейге қатысты тексеруді негізсіз деп атады.

Қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов Ұлттық музейдің директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғанын растады, деп хабарлайды «Неге».

«Біздің арамыздағы қандай келіспеушілік екенін білесіздер ғой. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Студент қыздарды қорғағаным үшін менің абыройымды төгіп, маған өтірік жала жапты. Өтірік айтып, мені жерге қаратты. Қой дегенде қоймады ғой! Иә, мен арыз жаздым. Оны жасырмаймын. Бұл өзі қасына адам жинайды да, оларды кейін сатып кетеді ғой. Сол сатып кеткен адамдары маған құжаттарды дайындап, әкеліп берді. Нақты дәлелдер бар. Ол құжаттардың бәрі менде тұр, соның бәрін келтіріп, үстінен арыз жаздым», — деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Оның айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы бұрын «ана кісінің» қамқорлығында болған.

«Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді. Сол кезде айттың не, айтпадың не, бәрі бекер еді. Талай рет айттық. Сот арқылы да біздің жазығымыз жоқ екенін дәлелдегенбіз. Бірақ ол ана кісінің қамқорлығында болғаннан кейін бәрі қорықты. Әділетсіз үкім шығарды, әділетсіз тергеу жасады. Енді қазір дүние өзгерді», — деді актер.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Антикор, Арыстанбек Мұхамедиұлы, жымқыру, тергеу, Тұңғышбай Жаманқұлов, Ұлттық музей

Читать ещё

РФ Мемлекеттік Дума депутаты ЕО-ға ресейлік тауарларды экспорттауға тыйым салуды ұсынды
АҚШ генералы: ОА елдері АҚШ-ты Ресейдің альтернативасы ретінде көреді
Елордалық құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін еске салып, мұз айдындары мен сырғанақтарда қалай жарақат алмау керектігі туралы кеңестер берді

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қазақстандық мұнайды тиеп жөнелту айлақтарында минасыздандыру жұмыстары жүргізіледі

    Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазақстан...
  • Терроризмді қаржыландырғаны үшін жазалау туралы заңға қол қойылды

    ...
  • Ресей Болгариядағы елшілігін жабу мәселесін қарастыруды жоспарлауда

    РФ билігі Болгариядағы мемлекеттің дипломатиялы...
  • Қазақстан бойынша 2022 жылғы шілдеге арналған ауа райы болжамы

    Қазақстандық синоптиктер шілде айында қазақстан...
  • Киев: Украиналық борш ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді

    Украиндықтардың басты ұлттық тағамдарының бірі ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: