Жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтен министрдің қатысы болса, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кім жауапты екенін министр сұрады.
«Мұндай жағдайда министр қылмыстық жауапкершілікке тартылса, отставкаға кету туралы мәселе заңда қарастырылмаған», — деп жауап берді Бектенов.
Қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса кім және қашан отставкаға кетуі тиіс
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда саяси мемлекеттік қызметшілер және министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдері мен орынбасарлары, аудандардың әкімдері өздерінің тікелей қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, отставкаға кетуге міндетті.
Бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей қарамағындағы адамға қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде жұмыстан кетуге міндетті.