Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қою үшін Қазақстан Президентіне жіберілді

Мәжіліс Сенаттың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізген түзетулерімен келісті. Осылайша құжат Парламентте қабылданып, президентке қол қоюға жіберілді.

«Сенат енгізген өзгерістер тұжырымдаманы өзгертпейді және Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұнын нашарлатпайды. Бас комитеттің отырысында келіп түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған байланысты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады», — деді Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов.

17 қыркүйекте Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары құжатты Мәжіліске қайтарып, оны мынадай өзгерістермен толықтырды:

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған мемлекеттік қызметкерлер мен тұлғалардың қандай да бір құнды кез келген сыйлықтарды алуына тыйым салынады.

• Қылмыстық кодекске жаңа бап — «Қылмысты арандату» енгізіледі.

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң қолданылатын тұлғалардың тізіміне квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері енгізіледі.

• Полиция қызметкерлері , арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері өзінің жақын туыстарының тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқаруға құқылы емес (туыстарының тізімі кеңейтілген).

• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабына квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құруға құқылы екендігі туралы толықтыру енгізіледі.

Добавить комментарий