Столтенберг Украинадағы қақтығыстың ұшығуы мүмкін екенін мәлімдеді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина аумағындағы қақтығыс РФ-да жарияланған мобилизацияға байланысты ұшығады деп санайды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің пікірінше, Украина аумағындағы Ресей әскерлерінің санын арттыру қарулы қақтығыстың кеңеюіне және шиеленісуіне алып келеді.

Оның сөзін Reuters агенттігі келтіреді.

Бас хатшының айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің ішінара мобилизация туралы шешімі альянс үшін күтпеген жағдай болған жоқ. Ол сондай-ақ блоктың міндеті Киевке келіссөз жүргізу үшін оңтайлы ұстанымды қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Бұған дейін Столтенберг Ресеймен ядролық қақтығыстың ықтимал нәтижесі қанадай болатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, жағдай ушығып, Батыс елдерімен ядролық қақтығыс болған жағдайда Мәскеу жеңіске жете алмайды.

20 қыркүйекте НАТО әскери комитетінің төрағасы адмирал Робэр Бауэр Солтүстік Атлантика альянсы Украинада Ресеймен соғысып жатпағанын, батыс қару-жарақтарын жеткізу және Еуроодақ пен АҚШ тарапынан қаржылай көмек мұндай мәртебенің белгісі емес, бірақ қорғаныс блогының мүше елге шабуыл жасалатын болса жағдай өзгеруі мүмкін деп мәлімдеді.

Добавить комментарий