Столтенберг ҚХР-ның Ресейді айыптаудан бас тартуын сын-қатер деп атады

НАТО Бас хатшысы Қытай тарабы Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын айыптаудан бас тартуын НАТО үшін сын-қатер деп қарастыру керек деп мәлімдеді.

Бұл туралы Йенс Столтенберг Брюссельде альянс елдері СІМ басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біз Қытайдың ресейлік агрессияны айыптауға құлшынысы жоқ екенін көріп отырмыз. Бұл бәріміз үшін үлкен сын-қатер, құндылықтарымызды қорғап қалу үшін күш біріктіреміз «, — деді ол.

Добавить комментарий