COVID-19-дың жаңа штамының таралуынан вакцинация мен жеке бас гигиена ережелерін сақтау ғана қорғай алады, деп есептейді Стелла Кириакидес.
Коронавирусқа қарсы күресте шекараны жабудан қарағанда вакцинация әлдеқайда тиімді, деді денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі еурокомиссар Стелла Кириакидес Augsburger Allgemeine газетіне берген сұхбатында.
«Коронавирус мутациясынан қорқу түсінікті. Бірақ шындығында, шекараны жабу вирусты тоқтатпайды. Тек вакцинация және жеке бас гигиена ережелерін сақтау арқылы ғана мутациядан қорғануға болады. Менің ойымша, 2020 жылғы наурыздағыдай Еуропада қайтадан шекаралар жабылу дұрыс емес», — деді ол.
Стелла Кириакидес Еуроодақта сертификаты бар вакцина өндірушілер вирустың жаңа мутацияларына қарсы күресте қайта сертификациядан өтпей-ақ, өз өнімдерін өндіре беруге болатынын айтты.
“Қауіпсіздік талаптарын бұзбай, вакциналарды тезірек алу мүмкін болады”, — деді ол.
Германия жақында Чехия мен Австрияның бір аймағымен шекарада мутацияланған коронавирустың таралуына қатысты қауіп-қатерге байланысты күшейтілген бақылауды енгізді.