Осыдан төрт жыл бұрын, 2016 жылдың қарашасында, Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімі күшіне енді. Оны ратификациялаған барлық елдер атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының көлемін төмендетуге міндеттелді. Біздің еліміздің міндеттемелері — 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға азайту. Бұл мақсатқа жетуде қазақстандық өндірістер қандай рөл атқарады? Оған экоменеджмент қалай көмектеседі? «Филип Моррис Қазақстан» еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Станислав Боровицкий бұл туралы баяндайды.
Парниктік газдар, атап айтқанда, көмірқышқыл газды ғалымдар ғаламшардағы орташа жылдық температураның жаһандық өсуінің негізгі себебі деп есептейді. Ал олардың негізгі көзі — өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы қызметі. Парниктік газдар шығарындылары бойынша Қытай, АҚШ және Үндістан көш бастап тұр. Қазақстан жалпы әлемдік шығарындылардың 1%-дан кем үлесімен 23-ші орында тұр. Бірақ, «Қазгидромет» агенттігінің мәліметінше, соңғы отыз жылда Қазақстанда климат әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылынып кетті — біздің елімізде 0,34 градус, әлемде 0,18 градус.
Мемлекеттің күш-жігерінен басқа, жаһандық жылынуға қарсы күресте бизнесті қолдау мен экологиялық жауапкершілік аса маңызды. Қоршаған ортаны қорғаудың неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі болып экологиялық менеджмент танылды.
Экологиялық менеджменттің мәні — компания жұмысының экологияға кері әсерін төмендету, — дейді Станислав Боровицкий. — Өндірістік кәсіпорын бола отырып, біз көміртегі шығарындыларын азайту бойынша жобаларды бірінші орынға қойып отырмыз. 2019 жылдың соңғы мәліметтері бойынша біз көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 7,8 мың тоннаға дейін екі еседен астамға төмендеттік.
Салыстыру үшін, Қазақстандағы өндіруші компаниялардың бірі 93 млн тоннаға дейін парниктік газ шығарады. Біз энергияны барлық жерде үнемдейміз және төмен көміртекті отынға көшеміз, бұл парниктік газдардың пайда болуын азайтуға айтарлықтай көмектеседі. 2017 жылы дизель отынынан табиғи газға көштік, бұл парниктік газдардың пайда болуын жылына 701 тоннаға қысқартуға көмектесті. Ал 2019 жылы компания суды қыздыруға арналған күн батареяларын орнатып, өндірістік үй-жайға жылу оқшаулау жүргізді.
Мақаланың жалғасын мына жерден оқи аласыз.