Спартакиада кезінде мектеп директорының орынбасары қайтыс болды

Ақмола облысында өткен спартакиада кезінде жергілікті мектептердің бірінің директор орынбасары кенеттен қайтыс болды. Іс-шара кезінде әйелдің жағдайы күрт нашарлағаны хабарланды. Жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды.

«Мұғалім-2022» аймақтық спартакиадасы кезінде Біржан сал ауданы Степняк қаласында Мамай ауылындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі 43 жастағы орынбасары қайтыс болды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа Біржан сал ауданының 10 мектебі қатысты. Жарыс волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қоссайыс және ұлттық спорт ойындары сияқты спорттың бірнеше түрінен өтті.

Көз жұмған мұғалімнің спорттық жарыстарға қатысуға рұқсаты болды, оло сы аймақтық спартакиадаға қатысу өтініміне сәйкес волейбол және үстел теннисі бойынша команда құрамына қабылданды.

«Волейбол ойыны барысында ол өзін жайсыз сезініп, алаң сыртына шығып орындыққа отырды. Біраз уақыттан кейін құлап, есінен танып қалды. Оған медицина қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетті», — деп хабарлады Білім басқармасы.

Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий мұғалімнің жедел жәрдемге келгенге дейін қайтыс болғанын атап өтті.

Марқұм «Мамай ауылының орта мектебінде» директор орынбасары қызметін атқарған, оның артында күйеуі мен үш баласы қалды.

Мектеп директорының айтуынша, ол денсаулығына шағымданбаған және Біржан сал ауданының орталық ауруханасында есепте жоқ. Жыл сайынғы медициналық тексеруден өтіп, жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Добавить комментарий